Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының жолдауы » "№12 орта мектеп-гимназиясы" Талдықорған қаласы
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№12 орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 25-21-11
Есепші бөлімі:
+7(7282) 25-21-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының жолдауы
01
сентябрь
2023

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының жолдауы

Бүгін 01.09.23 күні 12 орта мектеп-ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының жолдауын тыңдады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасады. 
Бұл Жолдауында таяуда жүзерылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар жайы айтылды.
Жолдауда Президент «Суды үнемдейтін технологияларды енгізуге асы – аса маңызды және шұғыл міндет» деп атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады деген ұсыныс жасады.
 Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс екенін ескере келе, мынандай нақты бағдарлардың жүзеге асырылуын тапсырды:жаңа экономикалық саясат,нақты секторды дамыту, ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция,мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту,заң және тәртіп.
Мемлекет басшысы осы бастамалардың Қазақстанның болашағын айқындайтындығын нақты жеткізе келе, алдағы жолдың қиындығына қарамай ауқымды саяси өзгерістерді ашықтық, әділдік және өзара сенім арқылы жүзеге асыруымыздың маңызылығына тоқталды.Еліміздің тағдыры-біздің тағдырымыз,еңсесі биік,тұтқасы берік еліміздің алға қойған мақсаттары орындалады деп сенеміз. 
Тарих пәнінің мұғалімі : Садақбаева М.Т