"Қауіпсіздік ережелерін сақтайық!" » "№12 орта мектеп-гимназиясы" Талдықорған қаласы
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№12 орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 25-21-11
Есепші бөлімі:
+7(7282) 25-21-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қауіпсіздік ережелерін сақтайық!"
16
апрель
2024

"Қауіпсіздік ережелерін сақтайық!"

2024 жылдың 16 сәуір  күні № 12 орта мектеп-гимназиясында  жоспарға сәйкес  кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикалық қауіпсіздік шаралары туралы білімдерін жетілдіру мақсатында      8 сынып оқушылары арасында "Қауіпсіздік ережелерін сақтайық!" тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Саркытбаева  Өмір қауіпсіздігі ережелерін айтып, қала бойынша орын алып жатқан жағдайларды ескертіп өтті, оқушылар арасындағы бопсалау мен әлімжетік жайында құқықтары мен міндеттері, жауапкершіліктері туралы ақпарат берді.  Алғашқы әскери дайындық мұғалімі Гайымбеков С.Б. Терроризм кезіндегі алдын алу ережелерін естеріне салып, түсіндірме жұмыстарын өткізді.  Оқушыларға  жол ережесін сақтау, зиянды заттардан аулақ болу, су тасқыны, бөтеннің мүлкіне қол сұқпау, қылмыс пен құқық бұзушылық фактілерінің нәтижесі  заң аясында жауапкершілікке тартылатындығы туралы мәліметтер айтылды.