Үздік жас ұстаз – 2018 » "№12 орта мектеп-гимназиясы" Талдықорған қаласы
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№12 орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 25-21-11
Есепші бөлімі:
+7(7282) 25-21-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
март
2018

Үздік жас ұстаз – 2018

Үздік жас ұстаз – 2018

2018 жылы 16 наурызда «Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық қорының бастамасымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен қазақ мектептерінің қара шаңырағы Алматы қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияда жас мамандарға арналған тұңғыш республикалық «Үздік жас ұстаз» форумы өткізілді. 

Форумға Мамай Ахетов – Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі, Ақбота Қоңырова – филология ғылымдарының кандидаты, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ аға оқытушысы, Бауыржан Карипов – «Заман Қазақстан» газеті редакторының орынбасары, Темірхан Тебегенов – ф.ғ.д., Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, Жанат Дəулетбекова – ф.ғ.д., Абай атындағы ҚазҰПУ қазақ тілі əдістемесі теориясы кафедрасының меңгерушісі, Зиябеков Бақнұр – «alpa acodemia» академиясының директоры, Бауыржан Айткаримов – «Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық қорының төрағасы қатысып, жас мұғалімдер үшін тәлімі мол тәжірибелерімен бөлісіп, тұжырымды ойларын ортаға салды. Республикалық дәрежедегі бұл форум білім саласында еңбек етіп жүрген жас ұстаздардың мәртебесін айқындау, жаңартылған білім мазмұны аясында жас мамандардың біліктілігін арттыру, оқулық авторлары мен ұстаздардың арасында байланыс орнату, мұғалімнің қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру, ел аумағының түкпір-түкпірінен келген мамандардың тәжірибе алмасуы жағдайында өтті.Жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқу-әдістемелік мәселелер жөнінде пленарлық мәжіліс біткеннен кейін, республикаға танымал білікті ұстаздардың әдістеме бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.Форумға республика педагогтарының біліктілігін арттырып, қайта даярлау курстарынан өткізіп жүрген Педагогикалық шеберлік орталығынан және еліміздегі көшбасшы педагогикалық оқу орны Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университеттен оқытушы-профессорлар арнайы шақырылып, білім жолында өз еншісін алғысы келетін, өз мектебінің ішінен үздік болып бағаланған, республикамыздың барлық мектептерінің еңбек өтілі 5 жылға жетпеген жас ұстаздары қатыстырылды.Іс-шара соңынан жас ұстаздарға «Үздік жас ұстаз – 2018» төсбелгісі салтанатты жағдайда табыс етілді.

Лучший молодой учитель

16 марта 2018 года по инициативе Общественного фонда «Тәуелсіз ел жастары» и при поддержке Министерства образования и науки Республики Казахстан на базе гимназии № 12 имени Шокана Уалиханова  г. Алматы состоялся республиканский форум «Үздік жас ұстаз».  От нашего города в форуме участвовал молодой учитель физики, математики  СШГ№12 Ахметов Жалгас Ундрусулы.

 С приветственными словами к участникам обратилисьсоветник акима города Алматы – Ахетов Мамай, старший преподаватель филиала АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по городу Алматы, к.ф.н. – Конырова Акбота, заместитель редактора газеты «Заман Қазақстан» – Карипов Бауыржан, профессор КазНПУ имени Абая, д.п.н. – Тебегенов Темирхан, заведующий кафедрой теории и методики казахского языка, д.ф.н. – Даулетбекова Жанат, директор академии «alpa acodemia» – Зиябеков Бакнур, председатель общественного фонда «Тәуелсіз ел жастары» – Айткаримов Бауыржан.

Цель форума была связана с повышением статуса учителя. Участники мероприятия призвали молодых учителей повышать квалификацию по обновленному содержанию образования, устанавливать связь с авторами учебников и обмениться передовым опытом. После пленарного заседания, на котором рассматривались вопросы по обновлению содержания образования, были проведены мастер-классы, где известные педагоги республики делились опытом с молодыми коллегами. В форуме также принимали участие лучшие учителя школ республики, имеющие опыт работы не менее пяти лет. В завершении мероприятия молодым учителям были торжественно вручены значки «Үздік жас ұстаз – 2018»

Үздік жас ұстаз – 2018

 

Үздік жас ұстаз – 2018

 

Үздік жас ұстаз – 2018

 

Үздік жас ұстаз – 2018

 

Үздік жас ұстаз – 2018

 

Үздік жас ұстаз – 2018

 

Үздік жас ұстаз – 2018

 

Үздік жас ұстаз – 2018

 

Үздік жас ұстаз – 2018

 

Үздік жас ұстаз – 2018

 

Үздік жас ұстаз – 2018

 

Үздік жас ұстаз – 2018

 

Үздік жас ұстаз – 2018