Керейбаева Раушан Нургалиевна » "№12 орта мектеп-гимназиясы" Талдықорған қаласы
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№12 орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 25-21-11
Есепші бөлімі:
+7(7282) 25-21-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
февраль
2023

Керейбаева Раушан Нургалиевна

Автобиография

Мен, Керейбаева Раушан Нургалиевна 1967 жылы 9 сәуірде бұрынғы Талдықорған облысы Қапал ауданы Зерносовхоз ауылында дүниеге келдім. 1974 Ақын Сара ауылындағы Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің 1 сыныбына барып, 1984 жылы бітіріп шықтым. 

1984 жылы Талдықорған қаласындағы  І.Жансүгіров атындағы педагогикалық институтының «Физика-математика пәні мұғалімі» факультетіне түсіп, математика пәні мұғалімі мамандығын алдым. Алғашқы еңбек жолымды 1989 жылы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылының Чапаев атындағы орта-мектептен бастадым. 

1990 – 2006 жылдары Талдықорған қаласындағы  №20 мектепте математика пәні мұғалімі болып жұмыс жасадым. 2008 - 2012 жылдары  Талдықорған қаласының №18 орта мектеп-лицейінде директордың  оқу-ісі жөніндегі орынбасары  болып тағайындалдым.  

2012-2015  жылдары   Талдықорған қаласындағы №6 орта мектепте мектеп  директоры қызметіне  тағайындалдым. 2015 – 2022  жылдары  Талдықорған қаласы №17 орта мектепте мектеп директоры қызметін атқардым.

 2022 жылы қыркүйек айынан бастап №12 орта мектеп гимназиясына директор қызметіне тағайындалдым. 

Отбасымда жолдасыммен бірге  үш бала тәрбиелеп отырған асыл жар, аяулы анамын.