"Наурыз - Ұлыстың ұлы күні" құтты болсын!!! » "№12 орта мектеп-гимназиясы" Талдықорған қаласы
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№12 орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 25-21-11
Есепші бөлімі:
+7(7282) 25-21-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Наурыз - Ұлыстың ұлы күні" құтты болсын!!!
19
март
2021

"Наурыз - Ұлыстың ұлы күні" құтты болсын!!!

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Қазақтың салт-дәстүрлері ұлттық құндылық» атты кітап көрмесі.
Көрменің негізгі мақсаты: «Наурыз» мерекесінің шығу тарихы, қазақ даласындағы орнын оқушыға таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрінің құндылығын меңгерту. 
 
      Көрме  негізгі екі бөлімнен тұрды.
 Бірінші бөлім - «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні»
Екінші бөлім -  «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа өнеге»
 Бірінші бөлімде Наурыздың шығу тарихы, жыл басы, жыл қайыру, жыл, ай аттары тәрізді ұлттық құндылықтар туралы әдебиеттер қойылды. Ал, екінші бөлімде ата-бабамыздың түсінігіндегі «Жаңа жыл», қазақ жерінде ұлыстың ұлы күнін тойлаудағы ұрпақтар сабақтастығының маңызын дәріптейтін «Жеті қазына», «Қазақтың бата-тілек өсиеттері», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Наурызнама», «Ас атасы нан», «Қазақ халқының дәстүрлері той-мереке, сауық-сайран», «Жаңа дәстүр жаңа салт», «Салт-дәстүр сөйлейді» сынды кітаптар ұсынылды.