Қамқоршылық кеңесінің отырысының » "№12 орта мектеп-гимназиясы" Талдықорған қаласы
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№12 орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 25-21-11
Есепші бөлімі:
+7(7282) 25-21-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
февраль
2021

Қамқоршылық кеңесінің отырысының

№12 ОМГ бойынша қашықтан өткізілген  

Қамқоршылық  кеңесінің отырысының

                                                  Хаттама  №3

Өткізілген  күні: 04.02.2021 ж

Қатысқандар: мектеп директоры Т.Н.Андриянова

Директордың ТЖ орынбасары С.Жолжаксынова, А.С.Саркытбаева

Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Енкенова Б.Б.

Қамқоршылық кеңесінің 10 мүшесі.


Күн тәртібінде:

  1. «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы барысындағы «Абайлаңыз, мұз!» тақырыбында оқушылармен өткен түсіндіру жұмысы туралы
  2. Аз қамтылған отбасы балаларына көмек   ұйымдастыру

Тыңдалды:

Бірінші сұрақ бойынша  Пискунова Е.Н. сөз алып, бастауыш (2в,г, 3д,е,4в, д ), 5-7 (5г,д, 6в, 7в,г) сынып оқушыларымен кестеге сәйкес ЗУМ платформасында «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы барысында «Абайлаңыз мұз!» тақырыбында түсіндіру жұмысын жүргізгеніне есеп берді. Балаларға көктайғақ - төтенше жағдайлардың себептерiнiң бiрi, көктайғақ кезiнде апаттардың болу мүмкiндiгi жоғарылайтыны, жүргізушiлер үшiн негiзгi жағдайлар— жаң-жаққа қарау, төмен жылдамдық және абай болушылық екенін түсіндіргенін айтты. Сонымен қатар, көктайғақ кезінде сақталатын ережелермен таныстырып, дайындалған тақырыптық слайдттар көрсетіліп, түсіндіру жұмысы жүргізгеніне есеп берді.

Шешім: 

Мектеп оқушыларымен түрлі тақырыптар бойынша жұмыс үнемі жүргізілуі жалғастырылсын.

Екінші мәселе бойынша Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Енкенов Б.Б.   мектебіміздің аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларға көмек көрсету туралы ұсыныс айтты. Мәселең, 11г сынып оқушысы Баштаков Р өмірдің қиын жағдайына түскен бала. Себебі, анасы тастап кеткен, ал әкесі қант диабетімен ауырады. Өздерінің тұратын үйлері жоқ, туысқандарының үйінде тұрады. 

Шешім: 

 Қамқоршылық кеңесінің тарапынан  Баштаковқа Русланға көмек көрсетілсін.   

Жиналыстың төрағасы                              Б.Б.Енкенов  

Хатшысы                                                   Е.Н.Пискунова