Тамақтану туралы ақпарат » "№12 орта мектеп-гимназиясы" Талдықорған қаласы
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№12 орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 25-21-11
Есепші бөлімі:
+7(7282) 25-21-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
февраль
2021

Тамақтану туралы ақпарат

Талдықорған қаласы «№ 12 орта мектеп-гимназиясы» КММ-де оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы «Жалпыға білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартына сәйкес жүргізіледі. Мектебімізде 2021-2020 оқу жылы бойынша ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны 224. Аталған мекемеде ЖК «Тлеухан» асхана меңгерушісі Тлеухан Айжан Бексұлтанқызы қызмет көрсетеді. Асхана, ас бөлмесі, тамақтану залы санитарлық нормаға сай жабдықталған. Ыстық тамақтың бағасы 1-4 сыныптар 370теңге, ал 5-11 сыныптарға 490 теңге. «Жалпыға бірдей білім беру» қорынан 113 оқушы,асхана мердігері есесбінен 111 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Оның ішінде 96 бала көпбалалы толық отбасынан,10 бала көпбалалы толық емес отбасынан,25 оқушы азқамтылған толық отбасынан және 90 оқушы азқамтылған толық емес отбасынан, 3 оқушы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылар.Асхана аптасына 5 күн: бірінші және екінші ауысымда жұмыс істейді. Күнделікті тамақ пен ас мәзірін және оның берілуін директордың тәрбие ісінің орынбасары Саркытбаева А.К, мектеп медбикесі Байлагасова Р.Н және әлеуметтік педагог Абейталипова М.Қ қадағалайды. Асхана технологиялық құралдармен,тамақ пісіретін қажетті электр плиталары,ыдыс-аяқтар және тоңазытқыштармен қамтылған. Асхананың материалдық-техникалық базасы жақсы деңгейде. Қойма бөлмесі, мұздатқыш жұмыс жасап тұр. Жасөспірімдердің тамағының нәрлілігі мен құрамы талапқа сай болуы үнемі басты назарда. Асхананың жұмыс істеуіне қажетті бұйрықтар шығарылып, ыстық тамақпен қамтылған оқушылар тізімі мен тамақтану кестесі жасақталды.