23
февраль
2023
«Жасөспірімдер арасындағы келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу шаралары»
№ 12 орта мектеп-гимназиясында «Жасөспірімдер арасындағы келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу шаралары» атты 7-8 сынып ата-аналарымен жалпы кездесу өтті. Кездесудің мақсаты: Жасөспірімдер арасындағы келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу, ата-аналардың бала тәрбиелеудегі кемшіліктерін анықтау. Кездесуге Жетісу облысы прокуратурасының қылмыстық бөлімінің аға прокуроры, әкелер кеңесінің мүшесі Исимбеков Зәурембек Нусупбекович , Интернет ресурстарда киберқадағалау мен контрнасихат жұмыстарын қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Айбек Тұрсынұлы, мектеп директоры Керейбаева Р.Н., Мектеп инспекторы полиция майоры Досанова Д.Д., тәрбие орынбасарлары А.Саркытбаева, Э.Аслан және психолог Д.Амантайқызы қатысты. Кездесу диалог түрінде өтіп, ата-аналардың сұрақтарына жауап берілді, түсіндіру жұмыстары айтылып, ескертулер берілді, Буллингтің алдын алу жадынамаларын таратты