«Білім Саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама бұзушылықтарының профилактикасы» » "№12 орта мектеп-гимназиясы" Талдықорған қаласы
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№12 орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 25-21-11
Есепші бөлімі:
+7(7282) 25-21-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Білім Саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама бұзушылықтарының профилактикасы»
20
сентябрь
2022

«Білім Саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама бұзушылықтарының профилактикасы»

№12 орта-мектеп гимназиясының жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы жүргізілген түсіндірме жұмыс бойынша ақпарат. Білім басқармасында 2022 жылғы 8 қыркүйекте өткен «Білім Саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама бұзушылықтарының профилактикасы» тақырыбы бойынша өткізілген облыстық семинардың хаттамасы негізінде №12 орта-мектеп гимназиясынның 134 мұғалімдеріне және 28 техникалық персоналға оқу жылының басталуына орай әртүрлі себептермен ақша жинауға жол бермеу туралы бұйрық шығарылып, жиын өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
  Ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды анықтау мақсатында  анонимдік сауалнама жүргізіліп, сауалнама қорытындысы бойынша жемқорлыққа қарсы іс- қимыл әрекеттері анықталмады. Сонымен қатар, ақша жинау фактілерін болдырмау және алдын-алу шаралары бойынша сынып жетекшілер ата-аналарға, оқушыларға видеороликтерді көрсету арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Заңына сәйкес №12 орта-мектеп гимназиясының директоры Керейбаева Р.Н. және мектептің әдіскерлері Демеубаева А.К.   және Лященко И.А. мұғалімдерді жұмысқа қабылдау барысында конкурс өткізілді.