«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» » "№12 орта мектеп-гимназиясы" Талдықорған қаласы
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№12 орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 25-21-11
Есепші бөлімі:
+7(7282) 25-21-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
16
май
2023

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»

«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «12 орта мектеп-гимназиясы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылғы 15 мамыр күні «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» бағдарламасы аясында “Адал ұрпақ- ұлт болашағы” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. 
Ондағы мақсат: қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, еркін сөйлеп, пікір алмасып, ойымызды бүкпесіз жеткізу.
Тәрбие сағаты екі тілде жүргізілді. Тақырыпқа байланысты бейнероликтер көрсетіліп, оқушылардан сыбайлас жемқорлыққа байланысты сұрақтар қойылды. Тәрбие сағаты өз деңгейінде өтті.