12
сентябрь
2025
2А сыныпта "Адал азамат" тақырыбында өткізілген ата-аналар жиналысы
2А сыныпта "Адал азамат" тақырыбында өткізілген ата-аналар жиналысының кері байланысы бойынша ақпарат келесідей:
Жиналыстың мақсаты – "Адал азамат" бірыңғай тәрбие бағдарламасының негізгі бағыттары мен оны іске асыру жолдарын талқылау, мектеп пен ата-аналар комитетінің бірлескен жұмысын ұйымдастыру, сыныптағы ата-аналар комитетінің қызметін үйлестіру, сонымен қатар сынып ата-аналар комитетінің төрағасын сайлау болды.
Кері байланыс ретінде ата-аналар тәрбиелі болуға, балалармен ашық қарым-қатынасқа көшуге, баланың оқу үлгерімі мен тәртібін бақылауға белсенді түрде қатысуға ұмтылғандарын айтты. Олар сынып жетекшісімен тығыз ынтымақтастық орнатуға дайын екенін білдірді.
Кейбір ата-аналар дөңгелек үстел форматындағы талқылауларды жоғары бағалап, алдағы уақытта балаға дос ретінде қарау мен қолдауды күшейтетіндерін айтты.Жиналыста сыныптағы оқу үлгерімі, тәртіп, балаға деген ата-ана жауапкершілігі, мектеп пен отбасы арасындағы байланыс мәселелері қаралды.Жалпы, 2А сыныптағы ата-аналар жиналысы "Адал азамат" тақырыбында сабақ беру, тәрбиелеуде ата-аналардың белсенділігі артып, сынып жетекшісімен бірлесе жұмыс істеу қажеттігін көрсетті. Бұл жиналыс ата-аналардың балаларға адалдық пен ізгілік тәрбие беруге деген ынтасын арттырған жақсы тәжірибе болды.
Жиналыста адалдық пен еңбексүйгіштік сияқты маңызды құндылықтар кеңінен қаралды. Адалдық – бұл таза ниет пен жан тазалығы, адамның бойындағы ар-ұжданына қайшы келмейтін іс-әрекеттер жиынтығы. Ол қоғамда сенім мен абыройды арттырып, моральдық тұлғаның негізі ретінде қойылады.