22
май
2026
2 "А" сыныбында "Кітап - білім бұлағы" оқу жобасы өтті

2026 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында 2 "А" сыныбында "Кітап оқу жобасы" сәтті жүзеге асты. Жобаның басты мақсаты - оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, сауатты оқу дағдысын қалыптастыру болды.
1. Оқу мәдениетін қалыптастыру: Балаларға кітапты тек тапсырма үшін емес, қызығушылықпен оқуға үйрету.
2 Ата-аналармен бірлесіп жұмыс істеу: Отбасында кітап оқу дәстүрін жандандыру.
Жоба барысында оқушылар 20 шағын ертегі, әңгіме мен өлеңдер жинағын оқып шықты. Әр апта сайын "Оқырман сағаты" ұйымдастырылып, балалар оқыған кітабы туралы әсерімен бөлісті. Кейбіреуі сурет салып, кейбіреуі шағын көрініс қойып, шығармашылықпен жұмыс істеді.
Жобаның қорытындысында ең белсенді оқырмандар "Терең ойлы оқырман", "Жылдам оқырман", номинациялары бойынша марапатталды.
Сынып жетекшісі Усанова Айгуль Байсеитқызының айтуынша, жобадан кейін балалардың сабаққа қатысуы мен мәнерлеп оқуы айтарлықтай жақсарған. Ата-аналар да балаларының үйде өз еркімен кітап алып оқитынын жеткізді.
"Кітап оқу жобасы" 2 "А" сыныбында дәстүрге айналып, келесі оқу жылында да жалғасын табады. Өйткені біз білеміз: кітап оқитын бала - ертеңгі білімді ұрпақ!