29
январь
2026
«Заң және тәртіп» идиологемасы аясында «Салауатты өмір салты», «АИТВ-ның алдын алу» кездесу өткізілді
29.01.2026 жыл «Заң және тәртіп» идиологемасы аясында № 12 орта мектеп-гимназиясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Саркытбаеваның ұйымдастыруымен Жетісу облыстық психикалық денсаулық орталығыныңм(ОЦПЗ) маманы Чевненко Татьяна Ивановна, Талдықорған қалалық №1 поликлиникасының Салаутты өмір салты бөлімінің маманы Туткабаева Сандугаш Ериковна, ЖИТС орталығының Эпидемиолог - дәрігері Сауытбеков Жандос Салимович шақырылып, мектептің 9-11 қазақ/орыс сыныптарының қыздаарымен кездесу өтті. Кездесу тақырыбы «Салауатты өмір салты», «АИТВ-ның алдын алу». Кездесу барысында қыз баланың гигиенасы, салауатты өмір салтын ұстану туралы тың мәселелер қозғалып, бейнероликтер көрсетілді. Ашық алаң ұйымдастырылып, сұрақтарға жауап алынды, СӨС жадынамалары таратылды.


