Педагог қызметкерлерді аттестаттау туралы №83 бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасы талқылауға шығарылды.Осыған орай, директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.К.Демеубаева білім беру ұйымдарының педагогтерін аттестаттау бойынша мектептің мұғалімдеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
№12 орта мектеп гимназиясының ұжымы 8 наурыз Халқаралық әйелдер мерекесін кермет еөңіл күймен өткізді. Мектебіміздің өнерлі оқушылары ұстаздарына арнап ән айтып, би биледі. Ұжымның ер азаматтары жылы лебіздерін білдіріп, әйелдер қауымын ерекше құттықтады.
Талдықорған қаласындағы «№12 орта мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 2023-2024 оқу жылына, 05.03.2024 күні төмендегі көрсетілген мамандарды қабылдау конкурсы жүргізілетінін хабарлайды:
№12 орта мектеп-гимназиясында АӘТД пәнінің мұғалімі Саят Бопежанович бірінші және екінші ауысымда, мектеп сынып оқушыларына "Жер сілкіну кезінде оқушылардың іс-қимылдары" тақырыбы бойынша сабақ өткізді. Мақсаты: төтенше жағдайлар орын алған кезінде оқушылар алдын ала жасалынатын іс-қимылдарын білу.