14 қыркүйек 2023 жылы мектебімізде өткен Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңінің қорытындысы бойынша 2-4 сынып оқушыларын мектеп директоры Керейбаева Р.Н. марапаттады
№ 12 орта мектеп-гимназиясында Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Гаймбеков Саят Бопежанович "Террористік актілер қаупі төнген жағдайда орындалатын іс-әрекеттер алгоритмі" тақырыбында мектеп ұжымына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
23 қыркүйек күні мектебіміздің 7-11 сынып оқушылары өлкетану бағыты бойынша Есіккөл, аю сарқырамасына, тарихи орындарға саяхаттап қайтты. Жалпы 70 оқушы барып қайтты.
Жетісу облысына арнайы келген Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен 12 орта мектеп -гимназиясының оқушылары және әдеп-тәрбие жөніндегі Ментор Разиева Назира Турсынқызы кездесуге қатысты